Маңғыстау облысы сайлауға сақадай сай

Маңғыстау облысының 14 сайлау учаскесінде дайындық аяқталды.

Барлығы санитарлық талапқа сай жасақталған. Сайлау комиссиясының құрамы екпе салдырып, алдын-ала ПТР тесті тапсырған. Әр сайлау учаскесіне медициналық қызметкерлер шақырылған.

Айта кетейік, Маңғыстауда 12 ауылдық округте сайлау өтпекші. 11 мыңнан астам тұрғын науқанға қатысады деп күтілуде.

Ақшұқыр ауылындағы №239 сайлау учаскесі сақадай сай. Дауыс беру орындарында карантин талаптары қатаң сақталған. Дезинфекциялауға арналған құралдар дайын тұр. Сайлау күні медицина қызметкерлері ғимаратқа келушілердің дене қызуын өлшеп, қалыпты жағдайда ғана болса ішке жібереді. Кіреберісте тұрғындарға арнап антисептиктер мен бетперделер қойылған. Залда сайлаушылар ғана емес, бақылаушылардың да жағдайы қарастырылған.

Сайлаудың ашық өтуі мақсатында мұнда бейнебақылау камерамен қамтамасыз етілген. Сайлаушылардың сенімді өкілдері, Бақ құралдары және бақылаушылар мен үшін арнайы аумақ дайындалған. Мұнда 1 жарым метр арақашықтықта отырғыштар қойылған. Сондай-ақ, байқасаңыз еденде сайлаушылардың арақашықтықты сақтауы үшін жолақтар сызылған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдайды айтуға болады. Яғни, дауыс беретін кабиналардың біреуі арнайы құралдармен жабдықталған.

Қаламқас Тілеубаева, №239 сайлау учаскесінің төрағасы:

Сайлау учаскесін дайындық жұмыстарын 1 ай бұрын бастадық. Учаскенің ішінің сыйымдылығына қарай 7 адамнан қабылдай аламыз. Кезекпен тұрып, кезектері келген уақытта әрбір сайлау мүшесінің алдына барып, бюлетендерін алып, тәртіпті сақтай отырып, кабиналарға да солай кіргізіледі, жәшікке салып, қосымша есіктен шығуға тәртіп сақтаймыз. Халықтың әлеуметік жағдайын көтеретін үміткерге дауыс беруге халық ынталы, жігерлі.

3 сайлау учаскесі дайындалған Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 11 мың тұрғын бар. Жаңа әкімді сайлауға соның 5 мыңы қатысады деп күтілуде. Үйінен шыға алмайтын жандардың да дауыс беруіне жағдай жасалған.

Исахан Сағынбаев, МО Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Әр учаскеде 3 урна болады. Біреуі тұрақты тұратын урна, екеуі жылжымалы. Тұрақты урнада келгендер дауыс берушілер дауыс береді. Егер де мүгедектерден, адамдардан, денсаулығына байланысты келе алмаса, өтініш келіп түссе, барып үйіне дауыс алып келуге арналған.

Ал  қызуы көтеріліп, дауыс беруге жіберілмеген сайлаушылар денсаулығы жасқарса, кешкі 8-ге дейін келуіне мүмкіндік қарастырылған. Айта кетейік, 10 округ әкімі сайланады. 25 кандидат дауысқа түседі. Барлығы ер адамдар. Әкім болуға әркімнің бар таласы. Бұдан мектеп директоры, кәсіпкер, мемлекеттік қызметкерлерде үмітті.

Авторлары: Әйгерім Ашықбаева, Саламат Бекбаев