Токио-2020: Анастасия Лаврова бірінші кездесуінде қарсыласқа жол берді

Тағы бір қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасын аяқтады. Анастасия Лаврова үстел теннисінен бірінші кездесуде жеңіліп қалды, деп жазады Olympic.kz.

Анастасия Лаврова испаниялық Мария Сяомен кездескен болатын. Өкінішке қарай, кездесуде 4:1 есебімен испаниялық спортшы жеңіске жетті.

Айта кетелік, бүгін Қазақстан командасы Олимпиададағы алғашқы медалін иеленді. Дзюдошы Елдос Сметов Токио ойындарының қола жүлдегері атанды.