Қапшағай гарнизонында десант түсірудің ауыр элементтері орындалды

Алматы, Қапшағай және Талдықорған гарнизондары әскери дайындықтың ең ауыр элементтерінің бірін орындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Суға десант түсіру Қапшағай су қоймасында өтті. Әскерилердің батыл әрі нақты орындалған оқу-жаттығулары жайында арна тілшісі Дариға Ташенова баяндайды.

Дариға Ташенова, тілші:

- Өткен апта Алматы, Қапшағай және Талдықорған гарнизондары үшін жемісті өтті десек қателеспейміз. Әскерилер парашютпен секірудің ең қиын түрін орындап шықты. Шабуылдаушылар талапқа сай тиісті киім үлгісімен барлық қажетті жабдықтарын алып секірген. Бұл жаттығуды жасағанда әр адам төзімділік танытуға міндетті.

Абдырахым Юлдашев, №32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Бүгін Қапшағайдың су қоймасында парашюттық секірістер жоспарланды. Жоспарымызда әскери бөлімдер, басқарма 85095 әскери бөлімі, 61993, 32363, 18403 әскери бөлімдері су қоймасына секіру жоспарын орындады.

Оқу-жаттығу барысында десанттар «Бүркіт-2», «Мальва-аксиома», «Импульс-18», «Импульс-12» и 4-ші сериялы Д-6 паршют жүйелерін қолдана отырып, 150 рет секірді. Мұндай жаттығулар тек күнгізгі уақытта орындалады. Судың температурасы мен жағажайдан қашықтығы да маңызды.

Абдырахым Юлдашев, № 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Бүгінгі таңда офицерлер мен сержанттар секірді. Офицерлердің саны 60 адамнан жуық, шарттағы мерзімді қызметтегі 90 қызметкерлерден жуық секірді.

Десанттық-шабуылдаушы әскерилер мамандарын дайындау кезінде 2 мыңнан астам  секіру орындалды. Олардың 150-і түнгі уақытта жасалды. Сондай-ақ десанттар 150 рет суға секіргенін айта кеткен жөн.

Авторы: Дариға Ташенова