425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауыл әкімдерінің сайлауы: дауыс беруші нені білуі тиіс?

  • 228
  • UPD: 09:53, 25.07.2021

Аймақтарда сайлау учаскелері ашылды. Дауыс берушілер өз таңдауын біртіндеп жасап жатыр. Ал сайлаушылар нені білуі тиіс? Олардың қандай құқығы бар? 

Құжаттың екінші бабында ел азаматына таңдау еркі берілгені жазылған. Әр адам сайлауға қатыса ма, жоқ па, оны да өзі шешеді. Бұл үшінші бапта көрсетілген. Демек, кәмелет жасына толған Қазақстан азаматы өз таңдауын жасай алады.

Айсана Сман, заңгер:

- Сайлау құқығының да өз қағидалары бар. Еркіндік қағидасы. Еркіндік деген не? Ешкім сайлаушыға әсер етпеуі керек. Ол психологиялық, физикалық дейміз бе, сондай жағынан ешкім әсер етпеуі керек. Екінші мәселе, кабинкаға кірген кезде еркін кіріп, дауысты берген кезде ешкім бақыламауы керек, ешкім қасында тұрмауы керек. Құпия түрде дауыс береді.

Егер сайлауға түсіп отырған үміткердің ешқайсысы дауыс берушінің көңілінен шықпаса, онда ол «бәріне қарсымын» деген бағанды белгілей алады. Яғни ол ұсынылған кандидаттың ешқайсысына дауыс бермеуге құқылы. Бұл азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған қадам.

Айсана Сман, заңгер:

- ҚР азаматтары сайлауға бармайды. Көп жағдайда. Менің дауысыма ол байланысты емес, мен оған ешқандай әсер ете алмаймын, менің дауысым әсер етпейді Сен ҚР азаматы болсаң онда ҚР азаматы ретінде сайлауға қатысып, дауысыңды беру – ол міндет. Бір жағынан құқық, екінші жағынан міндет. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, дауыс беру кезінде құпия сақталуы керек. Сондықтан сайлаушы кімнің аты-жөнінің қасына белгі қалдырғаны жөнінде ешкімге есеп беруге міндетті емес.  Жалпы заңгерлердің дені ауыл әкімін тікелей сайлау кезінде өрескел заң бұзу деректері болмауы тиіс деп санайды. 

- Оразғали Селтеев, Еуразия интеграциясы институтының директоры:

- Әкімдерді тікелей сайлаудың ерекшелігі – бұл деңгейде талаптарды бұзу өте қиын. Себебі бұл микродеңгейде жүзеге асатын процесс. Көпшіліктің кімге дауыс бергені ерте ме, кеш пе белгілі болады.  

Тағы бір назар аударатын жайт, дауыс беруші сайлау учаскелерінің, сайлау комиссиясының және байқаушылардың жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы