Қарағанды облысында бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

Жаңа оқу жылынан бастап Қарағанды облысында бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Бір балаға бюджеттен 613 теңге бөлінеді. Облыс мектептерінің бастауыш сыныбында 91 мың бала оқиды. Ата-аналар оқушыларға берілетін тамақтың сапасын бақылай алады. Мобильді қосымша арқылы пікір жазып, ұсыныс қалдыруға болады. Сондай-ақ биылғы оқу жылында 5 млрд теңге бөлініп, жаңа компьютерлер алынады. Қазір өңірде 4 мектеп салынып жатыр. 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

Бақтыгүл Әдекенова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы жылы 7 ауыл  мектебін  жабамыз, 5 мектепті қайта ұйымдастырамыз. Ережеге сәйкес, бастауыш сыныпта 5 немесе одан да көп бала болуы керек. Өкінішке орай, бұл контингент жоқ. Ең бастысы, кейбір ауылдарда мұғалімдер тапшы. Біз биыл жапқан мектептердегі оқушыларды интернатқа жеткізуді ұйымдастырамыз. Биыл тағы бірнеше мектепті жаппақ болғанбыз, бірақ балалармен толықты.