423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында алғашқы 3 сағатта сайлаушының 9% дауыс берген

  • 202
  • UPD: 12:17, 25.07.2021
Ақмола облысында алғашқы 3 сағатта сайлаушының 9% дауыс берген

Ақмола облысында алғашқы 3 сағаттың қорытындысы бойынша сайлаушылардың 9 проценті дауыс берген.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов айтты. Оның сөзінше, аймақта 100 111 адам дауыс беру құқығына ие. Оның 8852-і өз таңдауын жасаған. Дауыс берушілер саны бойынша Біржан сал, Егіндікөл, Астрахан аудандары алда келеді.

Облыстың бас санитар дәрігерінің айтуынша, сайлау пунктерінде барлық сақтық талаптары орындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы