Әкім сайлауы осыдан 22 жыл бұрын тәжірибе ретінде Шамалғанда өтті

Әкім сайлауы осыдан 22 жыл бұрын тәжірибе ретінде алғаш рет Елбасының туған жері Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында өтті. 

1999 жылы Қайрат Байбақтынов Шамалған ауылдық окугінің әкімі болып сайланды. Осы қызметті алты жыл бойы атқарыпты. Ол кезде де әкім атанғысы келгендер аз болмапты. 7 кандидат тіркеліп, ауыл ішінде кәдімгідей қызу науқан жүрген. Ауыл әкімінің сайлауына сайлаушылардың 62 проценті қатысқан. Соның 53 процентке жуығы Қайрат Байбақтыновқа дауыс берген. 

Қайрат Байбақтынов, Шамалған ауылдық округінің бұрынғы әкімі /1999-2005/:

- Ауылға қызмет ету сол ауылда туып өскеннен кейін сол сол ауылға қолымыздан келгенді жасаймыз деген бағдарлама болды. Жерлестеріміз енді осы ауылда туып өскеннен кейін ел жақсы танығаннан кейін осы үміт артып, Қайрат жақсы істейді ғой деп, сөйтіп, дауыс берген шығар деп ойлаймын.

Әкім болып сайланған соң алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге кіріседі. Оның араласуымен ауылға газ келеді. Ауыз су мәеселесі шешіледі. Жекенің қолына өтіп кеткен мәдениет үйі ел игілігіне қайта беріледі. Жабылады деген кәсіптік колледж қайта жанданып, қосымша 4 мамандық аштырады. Сол кезде сайлаудың қалай өткенін жергілікті тұрғындар әлі ұмыта қоймапты.

Қарлығаш Исмайлова, ауыл тұрғыны:

- Тұрғылықты азамат, ауылымыздың азаматы Байбақтынов Қайрат жеңіске жетті. 6 жылдың ішінде керемет жұмыс болды. Ауылымызға су да келді. Газ да келді. Мектеп салынды. Балабақша салынды. Мәдениет үйіміз оралды бастысы.

Қанабек Айтжанов, ауыл тұрғыны:

- Әкімді халық сайлаған ол дұрыс нәрсе. Өйткені билік пен халықтың ортасын жақындастырады. Тұрғындардың сенімін арттырады әкімге. Өйткені тікелей сайлағаннан кейін олар ашық айта алады. Өздерінің ұсынысын бере алады.

Қазір бұрынғы әкім мемлекеттік қызметтен алшақ. Жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Десе де, керек кезде туған ауылына әркез қолұшын беріп тұрады. Әкім болғанның қиындығын жақсы біледі. Өзі жұмыс істеген тұста бюжеттің болмағаны талай шаруаға қолбайлау болғанын да жасырмайды.

Қайрат Байбақтынов, Шамалған ауылдық округінің бұрынғы әкімі /1999-2005/: 

- Ол кезде біз бес-ақ адам жұмыс істегенбіз. Ол кезде бюджетіміз, ештеңеміз болған жоқ. Кейін правит группаның мүшесі болған кезде ауыл әкімдерінің бюджеті болу керек деген сұрақты көтерген мен болатынмын.

2005 жылдан бері Шамалғанда 6 әкім ауысты. Соңғысы Ержас Тоқтасынов. Осы қызметке келгеніне 3 жыл болыпты. Ол да өзінің туған ауылына еңбек сіңіргісі келеді.

Ержас Тоқтасынов, Шамалған ауылдық округінің әкімі:

- Қарасай батыр мешітінің алдында, одан бөлек гимназия мектебінің алдында кішігірім саябақ ашылады. Онымен қатар воркаут алаңын орнатамыз деп отырмыз. Сонымен қатар ауылымыздың меценаттары тау шатқалына дейін жалпы ұзындығы 4 км жуық бағаналар орнатылды. Былтырғы жылдың өзінде 4 мұқтаж отбасыға үй салып берген.

Түптеп келгенде сайланған əкімнің артықшылығы көп. Азаматтармен кері байланыс орнатуға, сеніміне ие болуға күш салады. Жұмысқа деген ынтасы артады, дейді Қайрат Байбақтынов. Ол әкім сайлауы жергілікті басқару жүйесіне оң өзгерістер әкеледі, деп сенеді.

Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарынбаев