Елорда реанимацияларында орын жоқ

Елорда реанимацияларында орын жоқ. Бас қаладағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Мұнда күн сайын коронавирус инфекцияның 1300-ден астам жағдайы тіркеледі.

Дәрігерлер ковид стационарларының қазіргі күйін видеоға түсіріп көрсетті. Кадрлардың бірінде әрең дем алып жатқан ер адамның кеудесі көрсетілген. Науқастың өздігінен дем ала алмай, арнайы аппаратқа қосылғанын көруге болады. Инфекционист дәрігерлер қала тұрғындарына үндеу жолдап, инфекцияның қауіпті екенін еске салды. Әсіресе дельта штамы жылдам жұғып, адам ағзасына ауыр әсер етеді.