423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау облысында он сегіз ауыл бойынша 52 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілген

  • 144
  • UPD: 16:31, 25.07.2021

Атырау облысында 18 ауылдық округ бойынша 52 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілген. Қазір ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасап, қалаған әкімін сайлау үшін белсенділік танытуда.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Атырау облысындағы 52 кандидаттың 24-ін саяси партиялар ұсынған. Ал қалғаны өзін өзі ұсынғандар. Қазір мұнайлы өңірде дауыс беру қыза түсті.

Әр ауылдық округтің тұрғындары өз таңдауларын жасауға белсенділік танытып жатыр. Облыстағы 36 сайлау учаскесі Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген тиісті ережелерге сәйкес жабдықталған. Сондай-ақ, қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері, байқаушылар және БАҚ өкілдері ПТР-тесттің теріс нәтижесін міндетті түрде көрсетуі керек. Өңірдегі ең алыс орналасқан сайлау учаскесі, бұл Құрманғазы ауданының Асан ауылында. Аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта жатыр. Жауаптылардың мәліметінше, ол жақта да сайлау ережесі қатаң бақыланады. Санитарлық талаптардың сақталуы да ескеріледі. Айта кетейік, Атырау облысында сайлаушылар тізіміне 44305 сайлаушы енгізілген. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі әр 2 сағат сайын аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жарияланып отыратын болады.

Ауылдағылардың өз қалауларын білдіруге белсенділік танытары сөзсіз. Себебі облыс жұртының 60 проценттен астамы ауылдарда тұратын Атырау үшін бұл сайлаудың маңызы айрықша екені даусыз.

Хабар 24 телеарнасы