Қызылорда облысының 40 ауылында әкім сайланады

Қызылорда облысында 40 ауылдық округтің әкімін сайлау процесі өтіп жатыр. Халықтық таңдауға қатысуға 122 үміткер өтініш білдірген.

Өңірде жасақталған 54 сайлау учаскесінің үшеуі Сырдария ауданына тиесілі. Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов атындағы ауылда орналасқан №165 сайлау учаскесіне 3 кандидат тіркелген. Дауыс беруге құқылы 1330 тұрғын таңсәріден келіп, өз таңдауларын жасау үстінде. Өйткені көпшілігі егіс басына баруы тиіс. 50-ге жуық шаруа қожалығы бар елді мекен - үлгілі ауыл ретінде республикаға танымал. Күріштің арқасында гүлденіп, жұмыссыз адам жоқ деп танылған ауылда да бірқатар мәселелер баршылық екен.

Төребек Жұмабекұлы, ауыл тұрғыны:

- 1-кезекте бізге газ керек. Содан кейін көшелерде тратуар жоқ. Суағар лотоктар тозған. Алды сонау 70-жылдардың басында салынған солар тозды. Уәдесі мен ісінің арасында алшақтық болмайды деген азаматқа дауыс беріп шықтым.

Мұрат Қаймолдаев, байқаушы:

- Сайлаушылар өте белсенді қатысуда. Ешқандай санитарлық нормалар бұзылмаған сақталуда. Ешқандай сайлау кезінде заң бұзушылық болып жатқан жоқ.