425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Батыс Қазақстан облысында 31 ауылдың әкімі сайланады

  • 139
  • UPD: 16:27, 25.07.2021
Батыс Қазақстан облысында 31 ауылдың әкімі сайланады

Батыс Қазақстан облысында бүгін 31 ауылдық округтің кезекті әкімдері сайланады. Сайлауда тұрғындардың белсенділігі қалай?

Еркебұлан Смадияров, тілші:

-  Елеулі оқиға 9 ауданда өтіп жатыр. Әзірге ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Саяси додаға 81 кандидат түсіп отыр. Олардың алтауы әйел. Ерекше айта кетерлігі, өзін өзі ұсынғандар үлесі көңіл қуантарлық.

Үміткерлер арасында мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер, заңгерлер, білім және кәсіпкерлік саласының мамандары бар. Соның ішінде 63 проценті өздерінің туып өскен ауылдарына әкім болуға ынталы. Жаңа ғана ӨКҚ алаңында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы мен полиция департаментінің өкілі сайлау барысындағы санитарлық талаптар және қоғамдық тәртіптің сақталуына қатысты мәліметтер беріп өтті.

Айтуларынша, әзірге сайлау учаскелерінде келеңсіздіктер туындамаған. Жергілікті сайлау комиссиялары бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәл қазіргі мәліметтер бойынша Қаратөбе, Сырым және Жаңақала аудандарында сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп үлгірген.

Хабар 24 телеарнасы