Солтүстік Қазақстан облысында сайлау барысын 522 байқаушы бақылауда

Солтүстік Қазақстан облысында сайлау асқан ұйымшылдықпен, береке–бірлікпен өтуде. Өңірде маңызды науқанның әділ әрі ашық өтуін 174 сайлау учаскесінде 522 тәуелсіз байқаушы қадағалап отыр.

Бұл азаматтардың барлығы арнайы оқытудан өткен. Әрі олар еш партияға мүшелік етпейді. Соңғы сағаттардағы ақпаратқа сүйенсек, жалпы халықтың жартысы өз таңдауларын жасап үлгерді. Әзір еш заң бұзушылық анықталған жоқ. Өңір бойынша саяси додада 214 үміткер бақ сынауда. Басым көпшілігі өзін өзі ұсынғандар екенінін айта кету қажет. Ал кандидаттардың 30 процентін әйелдер құрап отыр.

Жанат Мұхамеджанов, өңірлік партиялық емес байқау орталығының төрағасы:

- Осы сағатқа келіп түскен мәлімет бойынша ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Бұл сайлауға бізден басқа қоғамдық бірлестіктер партиялардың да бақылаушылары қатысып отыр. Яғни халық белсенді түрде бүгінгі күні сайлауға келіп отыр.