Жамбыл облысында сайлаушылардың 56%-і дауыс беріп үлгерді

Жамбыл облысында 104 391 сайлаушы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 56 проценті осы сәтке дейін конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беріп үлгерді. Өңірдегі 89 сайлау учаскесінде 500-ге тарта сенімді өкіл мен байқаушы жұмыс істеп жатыр. Әрбір учаскеде санитарлық талаптар қатаң сақталады. Сайлаудың қауіпсіз әрі тыныш өтуін 240-тан полиция қызметкері бақылауда. Саяси науқанның әділ өтуін 720 комиссия мүшесі қадағалап жатыр.