Бесағашты ертеңнен бастап жаңа әкім басқарады

Алматы облысының Бесағаш ауылдық округін де ертеңнен бастап жаңа әкім басқаратын болады.

Бүгін округке қарайтын Бесағаш және Ақбұлақ ауылының тұрғындары 4 үміткердің ішінен біреуін таңдап, дауыс беруде.

Мегаполистің іргесінде тұрса да бесағаштықтардың қордаланған мәселесі көп. Суару маусымы басталса сусыз қалады, онымен қоса мұнда жарық қашан өшіп қалар екен деген үрей үйреншікті жағдайға айналған.

Тәліпхан Дәркембаев, ауыл тұрғыны:

– Мақатаев көшесіне былтыр жарық жүргізілді, көшені жарықтандырды. Мақатаев көшесі тау етегінде, сең үреді, қыста мұз қатады. Ауылдың жартысына жүргізіп, жартысына тартпады әлі жарықты. Әлі күнге дейін жарықсыз жүр жұрт. Онда 4 мүгедек тұрады.

Кальбинур Садықова, ауыл тұрғыны:

Таңдау жасаған үміткер ауыл тұрғындарының үмітін ақтайды деп сенемін. Ауылдың мәселесін шешіп берсе болды бізге.

Иә, ауылдықтардың үміті жаңа сайланар әкімде. «Қалауын тапса, қар жанады» демекші, білек сыбана кіріссе бітпейтін іс жоқ, – дейді тұрғындар. Бесағаш округіне әкім болу үшін 4 үміткер сайлауға түсуде.

Гүлмира Ағыбаева, №863 сайлау учаскесі комиссия төрайымы:

– Төрт кандидат бар, біреуі Нұр Отан партиясынан, екіншісі Қазақстан Халық партиясынан. Екеуі өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Салтанат Күлкібаева, №864 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары:

Участок бойынша барлық санитарлық жағдайлар сақталған. Барлық комиссия мүшелері перчаткада, маскада. Бір сағат сайын дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бесағаш ауылдық округінде 6 сйлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларда 23179 сайлаушы тіркелген.

Авторлары: Гүлжан Көланқызы, Кенже Амраев

 

Сондай-ақ...