Саясаткер: Басты мақсат – ауыл тұрмысын дұрыстау

Бүгін Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдері тарихында тұңғыш рет ауыл әкімін сайлау болып жатыр.

Халықтың маңызды саяси науқанға немқұрайлы қарамай, белсенділік танытуы сондықтан. Демек, көпшілік демократияға қадам басып жатыр. Саясаттанушы Расул Жұмалы азаматтардың сайлауға қатысып не үміткер ретінде өзін-өзі ұсынуы елінің, ауылының тұрмысын дұрыстауға деген ізгі ниеті ғана емес, зор жауапкершілік екенін айтады.

Расул Жұмалы, cаясаткер:

– Айналып келгенде кез келген демократия халықтың өзі билікті жүргізеді, өз тағдырын өзі шешеді, қоғамдық саяси істерге араласады деген алғышарт қой. Тиісінше, әкімдерді бұрынғыша тағайындамай, жергілікті халықтың өзі сайлай алу мүмкіндігі, меніңше, сол демократия, халықтың билік деген тұжырымға нақты қадам.