Павлодарда сайлау барысын 400-ден астам белсенді бақылап отыр

Павлодар облысындағы сайлау науқанының барысын 400-ден астам тәуелсіз қоғамдық емес ұйым өкілі бақылап отыр.

Басты мақсат – заң талаптары мен санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің бұзылмауына жол бермеу. Қазіргі уақытта үкіметтік емес бірлестік өкілдерінің қатарынан алынған бақылаушылар 120-дан астам сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін жүргізілген мониторингке сүйенсек, бірде бір олқылық тіркелкен жоқ. Бақылаушылар халықтың белсенділігі мен жауапкершілігін атап өтті.

Айта кетейік, Ертіс өңірінде 44 ауыл әкімі сайланады.

Алмагүл Қозбаева, облыс бойынша партиялық емес бақылау орталығының төрайымы:

– Облысымызда 400-ден астам бақылаушымыз бар. Олар әр 126 учаскеде жұмыс жасап жатыр. Қазіргі кезде ешқандай қателіктер немесе бұзушылықтар анықталмаған және де біздің еліміздің тұрғындарыны ңбелсенді қатысып отырғанын бақылап отырмыз.