423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысында 44 ауыл әкімі сайланады

  • 109
  • UPD: 20:54, 25.07.2021

Елімізде ауыл әкімдерін алғаш рет сайлау науқанына облыс тұрғындары белсенді қатысып жатыр.

Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылындағы сайлау учаскесінде ауыл тұрғындарының да белсенділігі өте жоғары. Бұл – өңірдегі ең ірі ауылдардың бірі.

Сайлау комиссиясы өкілдерінің мәліметінше, елді мекенде 2200-ден астам дауыс беруші тіркелген. Осы науқанда әкімнің орнына бес азамат кандидатурасын ұсынған. Сайлау учаскесіне келген әр адам санитарлық талаптарды бұзбауға тырысуда. Науқан барысында 168 азамат әкім болуға ниет білдіріп, кандидатурасын ұсынған. Олардың барлығы жоғары білімді азаматтар. Басым бөлігі педагогика, экономика, инженерия саласының қызметкерлері болып шықты. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауға баса назар аударған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де барлық жағдай жасалған.

Жалпы, көргеніміздей, халықтың көңіл-күйі жақсы екені көрініп тұрды. Сайлау барысында жергілікті тұрғындардың пікірін де тыңдап көрдік. Олар жаңа әкімдерге үлкен үміт артуда.

Жаңабек Өмірзақов, ауыл тұрғыны:

Біздің Кенжекөлдің жағдайы көбіне қарағанда жақсы. Суымыз бар, жарығымыз бар, жолымыз бар. Бізге бір-ақ нәрсе жетіспейді. Ол орталықтан үйді жылыту. Осы мәселені әлі шеше алмай отыр. Мына оңтүстіктің қалаларына барсаң, Шымкентке, Қызылордаға, Таразға. Қаланың жаңында енді ол жақта газ ғой. Орталық жүйеден жылу береді. Жұмыстан кейін ауыр от жағу. Осы мәселені шешсе деймін.

Қазіргі уақытта науқан қандай да бір заңбұзушылықтарсыз өтіп жатыр. Жаңа ғана өңірлік коммуникациялыр қызметінде баспасөз мәслихаты аяқталды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, осы сағатта халықтың проценті дауыс беріп үлгерді.

 

Хабар 24 телеарнасы