Сайлаудың аяқталуына аз уақыт қалды

Енді бір сағаттан кейін елде ауыл әкімдерін сайлау аяқталады.

Саяси аламанда 2 мың 297 үміткер бақ сынап жатыр. Соның 878-і саяси партиялардың өкілдері. Қалған 1 мың 419 кандидат өз-өзін ұсынған. Бұқара 730 елді мекеннің басшыларын таңдауға тиіс. Бұл дегеніміз бір орынға шамамен 3 адам таласады дегенді білдірсе керек. Саяси додаға түскен үміткерлердің 84 проценті - ер азамат. Қалғаны - әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы – қырық дейді аймақтық сайлау комиссиясының өкілдері.

Дауыс беру таңғы 7-де басталғанын еске салайық. Ал тура сегізде, яғни бір сағаттан кейін дауыс беру тоқтайды. Сайлаудың толық нәтижесі 3 күннің ішінде жариялануға тиіс. Ал алдын-ала қорытындысы көп ұзамай белгілі болып қалады.