Сайлау-2021: Алматы облысында өрескел заңбұзушылық тіркелген жоқ

Алматы облысында сайлау процесін байқау мақсатында құрылған «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалындағылар бүгінгі саяси дода барысында өрескел заңбұзушылық тіркелмегенін айтты.

Бірлестік сайлау қарсаңында 400-ге жуық бақылаушы мен 17 аудандық үйлестірушіні арнайы дайындап, оқытты. Олар Жетісу жеріндегі 71 ауылдық округте орналасқан сайлау учаскелерінде болып, сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын бақылады. 

Жанат Төлемісова, «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ Алматы облыстық филиалының басшысы:

– Бүгінгі сайлау өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біздің жіберген бақылаушылардан ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ.