Ақтөбе: сайлау барысы байқаушылар назарында

 Ақтөбе облысындағы сайлау барысын 500-ге жуық байқаушы қадағалап жүр.

Саяси науқанға дейін арнайы курстан өткен олар қазір барлық 73 учаскеде дауыс беруді назарға алған. Таңнан бері ауыл халқының белсенділігін аңғарған байқаушылар, осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін хабарлады. Айта кетейік бүгін өңір бойынша 35 округ әкімінің орнына үміткер таңдау жүріп жатыр. 105 адам кандидат ретінде тіркелген. Оның 63 -і саяси партиялар атынан, қалғаны өз-өзін ұсынғандар.

Ерәділ Уббиниязов, «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ облыстық филиалының басшысы

Барлығы заңды түрде өтіп жатыр. Белсенді. Өздерінің даусымен шешуге барлық жағдай жасалды. Сол себепті адамдар қазір белсенді қатысып жатыр дауыс беруге. Арақашықтықты сақтап жатыр, маскамен өтіп жатыр дегендей. Байқаушыларымыз 10-ақ пайызы екпе алмаған. Олар ПЦР тест тапсырып қатысып жатыр.