М. Шибутов: Ауыл әкімін сайлау – тұрғындардың саяси жауапкершілігі

Ауыл әкімін сайлау, ең бірінші кезекте тұрғындарға саяси жауапкершілік жүктейді.

Себебі, бұл олардың өз таңдауы дейді саясаттанушы Марат Шибутов. Сонымен қатар, әкім де сайлаушылар алдындағы уәдесін естен шығармауы керек. Егер, әкім тиісті үдеден шықпай жатса, жергілікті қауымдастық оны қызметінен алып тастай алады. Қазіргі уақытта әр ауылдың өз бюджеті бар. Оны округ басшысы жергілікті халықтың келісімінсіз игере алмайды. Саясаттанушының айтуынша, әкім мен ауыл тұрғындарының ортақ бастамасы – елді мекендердің көркеюіне жол ашады.

Марат Шибутов, Саясаттанушы

– Мен сіздерге айтайын, сайланатындардың 70 проценті – бұрын әкім болғандар. Яғни сабақтастық бәрібір сақталады. Сондықтан жағдай бұрынғыдай бола береді, жақсаруы да мүмкін. Ауыл жағдайы қиындайды деп айта алмаймын. Ауыл әкімдерін сайлау 2024 жылға дейін жалғасады. Сол жылдан бастап аудан әкімдерін, республикалық маңызы бар қала әкімдерін сайлау болады. Алматы әкімін де сайлайтын боламыз.