424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау облысында сайлаудың әділ өтуі жіті бақылауда

  • 168
  • UPD: 20:51, 25.07.2021
Атырау облысында сайлаудың әділ өтуі жіті бақылауда

Атырау облысындағы 18 ауылдық округ бойынша 52 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілген.

Әр ауылдық округтің тұрғындары өз таңдауларын жасауға белсенділік танытып жатыр. Сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың жасы 28 бен 60 жас аралығында. Облыстағы 36 сайлау учаскесі Орталық сайлау комиссиясы бекіткен тиісті ережелерге сәйкес жабдықталған. Аймақта сайлаушылар тізіміне 44305 сайлаушы енгізілген.

Дәурен Сейітқалиев, облыстық партиялық емес байқау орталығының жетекшісі:

– Қазіргі таңда Атырау облысында 36 сайлау учаскесі бар. Сол учаскелерге 150-ге жуық байқаушылар дайындадық. Олар сол учаскелерге таңертеңгі сағат 6 жарымнан бастап сол учаскеде. Барлық округтердегі тұрғындар белсенді қатысуда. Учаскеге барып, өздерінің таңдаулы әкімдеріне өз дауыстарын беруде. Заң бұзушылықты байқаған жоқпыз. Санитарлық нормаға сәйкес бәрі өтуде.

Хабар 24 телеарнасы