Ақтөбе облысындағы ауылдарда спорт үйірмелері тапшы

Ақтөбе облысының Қобда ауданына тиесілі Талдысай ауылының жастары спорт нысандары мен қарттарға арналған орталық ашылса деген тілекерін айтты.

Өңірді Батыс Қазақстан облысымен байланыстыратын тас жол бойында орналасқан елді-мекенде көгілдір отын мен интернет байланысы, ауыз су сияқты түйткіл мәселелер шешімін тапқан. Сондықтан да халық тұрақтап, соңғы жылдары демографиялық өсімнің артқандығы бар. Мектеп жанындағы түрлі үйірмелердің аздық етіп отырғандығы да сондықтан. Көпшіліктің қолдауына ие болған әкімнің бірінші міндеті спорт клубтары болмақ.

Бүгінгі саяси науқан ауыл тұрғындары үшін шағын мерекеге ұласты. Себебі дауыс берушілерге сайлау комиссиясы естелік сыйлықтар ұсынса, учаске алдында арзан бағаға көкөніс пен жеміс-жидектің шағын жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Анаргүл Кенбаева, Талдысай ауылының тұрғыны:

– Енді сайланып жатқан әкімге айтар тілегіміз - жастарға, қарттарға арнап бір орталық, клуб ашылса. Теннис клубы мысалы. Спортты дамытып, ауылымызды көркейтіп. Шахмат клубы болса жақсы болар еді үлкен адамдарға. Бас қосып, әңгіме айтып. Өздерінің бос уақыттарын тиімді өткізетін еді.