Сайлаушылардың белсенділігі жағынан Арқалық алда келеді

Сайлаушылардың белсенділігі жағынан Арқалық қаласына қарасты ауылдар да алдыңғы қатарда болды.

Бес елді мекеннің үшеуінде дауыс беру көрсеткіші түс ауа 95 процентті маңайлаған. Шаруа қамымен сыртта жүрген халықтың қалған бөлігі кешкі сағат 6-7-ге дейін келіп таңдауын жасап үлгерді – дейді сайлау комиссиясындағылар.

Арыстан Айтмағамбетов, Арқалық қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Келіп түсіп жатқан ақпаратқа  қарағанда түс ауа белсенділік бәсеңдемей, арта түскендігін байқаймыз. Кешке таман біздегі орташа  көрсеткіші 78 процентке тақады. Ал Екідін, Жаңа қала  ауылдарында дауыс бергендердің саны одан да асып түсті.