Жапонияда коронавирусқа қарсы дәрілерді сынақтан өткізе бастады

Жапондық Shionogi фармацевтикалық компаниясы коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы The Wall Street Journal жариялады. Дереккөзге сүйенсек, бұл жерде күніне бір-ақ рет қана қолдануға болатын таблеткалар туралы айтылып отыр.

Компания басшысының айтуынша, препарат вирусты бес күн ішінде жеңе алады.

Дәрі-дәрмектерді сынақтан өткізу келесі жылға дейін жалғасады.

Бұған дейін 2021 жылдан 2023 жылға дейін Беларусь пен Армения бірлескен алты ғылыми-техникалық жобаны, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы препараттарды жасауды жоспарлап отырғаны белгілі болған еді.