Елордада бірқатар нысанның жұмысы шектелді

Елордада бүгіннен бастап карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай бірқатар нысанның жұмысы шектеледі. Атап айтсақ, сауда, ойын-сауық орталықтары дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі, жексенбіде Ashyq жүйесіне қосылғанына қарамастан жабылады. Бұл күндері тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ашық болады. Аталған талап қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханаларға да қатысты. Сондай-ақ оларға келушілер санын 30-дан асырмау міндеттеледі.