Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өрт сөндірілуде

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи өрт және төрт дала жануы тіркелді.

Жалпы аумағы 142 га құраған барлық дала өрті сөндірілді. Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіруді жалғастыруда. Алдын ала аумағы 4 000 га.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Олардың жалпы саны 229 адам мен 66 техника. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Ақпарат көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі