Елордада өткен тәулікте карантин талаптарын бұзған 39 нысан анықталды

Бас қалада карантиндік шектеулерге шекеден қараған кәсіпкерлер азаяр емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте сондай 39 нысан анықталды. Ал жыл басынан бері ережені елемеген 822 кәсіп иесіне 163 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Дегенмен бұл жазаның өзі оларды тәртіпке сала алмай жатыр. Мамандардың айтуынша, көбіне олар маска тағу, арақашықты сақтау, белгіленген жұмыс кестесін ескеру сынды бірқатар талапты аяқасты етеді. Тәртіп бұзушылардың қара тізімі әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.