Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың жаңа антирекорды тіркелді

Қазақстанда коронавирустан болатын өлім жағдайларының жаңа антирекорды тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ковидтен тағы 90 адам қайтыс болды, олардың 20-сы коронавирустық пневмониядан көз жұмған. 24 шілдеге берілген мұндай қайғылы статистика бүгін  ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш – пандемияның барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш.