Қазақстанда 2300 отбасы бір жылға жетпей ажырасқан

Елімізде тұрмыстық құқық бұзу деректерінің жартысы мас күйде жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қамауға алынған жәбірлеушілердің 80%-і тұрақты жұмыс істемейді. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның деректеріне сүйенсек, былтыр ажырасқан 14 700 отбасының отау құрғанына 4 жыл да толмаған. Тағы 2300 шаңырақ 1 жылға да жетпей шайқалған. Ішкі істер органдарының мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күштік тәлілдерді қолдану елдегі ажырасу деректерінің көбеюіне алып келеді екен. Дегенмен, жыл басынан бері тұрмыстық-отбасылық құқық бұзу көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 8%-ке төмендеген. 2020 жылдың жарты жылында мұндай 502 дерек тіркелсе, биыл 462 құқық бұзу әрекеттері анықталған.