Вакциналардағы нанобөлшектер егілген адамдардың ағзасында чиптер қалыптастырады – фейк

Қазнет қолданушылары екпе алған адамның қолынан микрочип шыққаны туралы қорқынышты бейнероликпен бөлісуде, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Роликте адамның иығын пышақпен кесіп, металл затты магнитпен тартып алып шығады. Бұл зат COVID-19 қарсы вакцинадағы нанобөлшектерден құралған микрочип емес.

Ең алдымен, ролик кейіпкерінің COVID-19 қарсы вакцина салдырғанына ешқандай дәлел жоқ екенін атап өткеніміз жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда рұқсат етілген вакциналар инактивацияланған вирус немесе аденовирустық векторлар негізінде әзірленген. Олардың құрамында нанобөлшектер жоқ:

Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.

Pfizer-BioNTech вакцинасы – бұл мРНҚ платформасында жасалған және құрамына липидті нанобөлшектер кіретін препарат. 

Липидті нанобөлшектер – бұл SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызын түзіп, иммундық реакция тудыратын мРНҚ-ға жасушаларға енуге көмектесетін иондалған сфералық липидтер. Липидті нанобөлшектер ағзада ыдырайды және оған ешқандай зиян келтірмейді.

Липидті нанобөлшектердің құрамында ешқандай механикалық құрылғылар жоқ және видеода айтылғандай, ағза ішінде антенналары бар микрочиптер болып қалыптаса алмайды. 

Вакцинадағы микрочиптер туралы теориялар антивакцинаторлар мен конспирологияны жақтаушылар арасында кеңінен танымал, бірақ олардың ешқандай дәлелі жоқ және бұл ғылымға қарсы. Мұндай идеялардың бұрыс екендігі туралы біз бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз.

Сондай-ақ...