Арыстағы жарылысқа айыптыларға сот үкімі шықты

Арыстағы оқ қоймадан шыққан жарылысқа байланысты айыпталғандардың ісіне нүкте қойылды. Сот ісінде 16 адамға үкім оқылды.

Олардың 12-сіне 4 пен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы берілсе, төртеуі 7 жылға дейін шартты түрде сотталды. Темір торға тоғытылғандардың бірі үкіммен келіспеді. Қалғандары пікір білдіруден бас тартқан. Алайда сот отырысында жәбірленушілердің базынасы назардан тыс қалды. Олар өтемақы төленбегенін айтып наразы. Бұған дейінгі жабық сот отырысында 1 мың 500 адам жәбірленуші деп танылған болатын. Солардың бірі Рахимовтар отбасы. Түрлі дене жарақатын алып, жапа шеккен бүтін бір жанұяның мүшелері әлі күнге дейін мүгедектігін ала алмай сандалып жүр. Соттың соңғы отырысында да бұл тақырып жабулы күйінде қалды.

Нұрлан Рахимов, Арыс қаласының тұрғыны:

- Баламның аяғында еті жоқ. Түнде ұйықтай алмайды. Ауырады дейді. Балтырының еті жоқ жұлынып кеткен. Келіншегім де сырқат әлі күнге дейін. Ол кісінің сегіз жеріне тиіп, ауырады дейді. Күнде массаж. Осы уақытқа дейін осы сот бітеді-бітеді деп қалада квартира жалдап тұрып жатырмыз. Өзіміздің қалтамыздан төлеп, дәрі-дәрімегімізді алып жатырмыз. Уже қаншама шығынға түстік.