Нұр-Сұлтан және бірқатар өңірде қатаң карантин қаулысы күшіне енді

Елде карантин қайта күшейтілді. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда карантинді қатаңдату туралы жаңа қаулы күшіне енді. Себебі кейбір аймақтарда дерт жұққандар көбейіп, клиникалық стационарларда жатын орын қалмай барады. Соңғы тәуілікте елде коронавирустан 90 адам көз жұмды.

Нұр-Сұлтанда демалыс кұндері үйде жатудан басқа амал жоқ. Деннің саулығын ойласақ, осыдан дұрыс шешім таппаймыз ау? 

Себебі КОВИД-тің құрығы ұзарып, дерт дендеп кетті. Тіпті дәрігерлердің өзі ауруханаларда жататын орын жоқ, деп дабыл қағып жатыр. Карантин күшейтілді. Түрлі ойын-сауық, көңіл көтеру орындарының жұмысына демалыс күндері тыйым салынды. Мейрамхана, дәмханалар  жұмыс күндері ғана сағат 7-ден күндізгі 12-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Қазақстан бойынша той, мерекелік кештерге рұқсат жоқ. Өйткені қазір тек Түркістан облысы ғана «сары», қалған өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта тұр.

Мәдина Рахметова, дәрігер-эпидемиолог:

- Қазіргі таңда облыс аумағында той-томалақ толастамай тұр, үйдегі беріліп жатқан садақа, отбасылық шаралар тоқтаған жоқ. Сондықтан осындай жағдайға келіп отыр эпиджағдайымыз. Қаулыда мониторинг тобының күшейтілуі туралы да айтылған. «Ашық» жобасына енгізілгендер кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады. Шілденің 1-інен бастап «қызыл аймаққа» еніп отырмыз. Бүгінгі таңға дейін 4278 жағдай тіркеліп отыр. Бұл дегеніміз коронавирус жағдайының өршуі. 

Батыс Қазақстан облысында да эпидемиологиялық ахуал ушықты. Бүгіннен бастап аймақта жаңа шектеулер енгізілді.

Қоғамдық көліктер сенбі күні де жүрмейді. Бұған дейін тек жексенбіде ғана тоқтайтын.

Банктер мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ пошта бөлімдері де демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұл шектеулер қоғамдық тамақтану орындары, спорт кешендері, сауна, бассейндер мен базарларға да қатысты. Тек осы шілде айында 5 мың адамнан қатерлі вирус анықталған. Сондықтан тұрғындар әркез маска киіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Шілдедегі жағдай өте күрделі. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2020 жылға қарағанда биыл өте көп, 60 процентке көбейді. Мысалы, былтыр 3016 оқиға болса, биыл 5 мың 128 оқиға болды. Осының бәрі инфекциялық қауіп төндіріп отыр. Қазір орындардың бәрі бос емес, мысалы, облыстық клиникалық стационарда 98 процент уже орын жоқ деуге болады.

Нәдір Құрымбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ БҚО филиалының директоры:

- БҚО Бас дәрігерінің қаулысына сәйкес «Халыққа қызмет көрсету орталығы» 5 күндік режимге өтеді. Ол дегенмізіз біздің облыс тұрғындары қызметтерді жұма күніне дейін алады. Ал сенбі күндері ХҚКО жабық болады. Бірақ та 200- ге жуық қызмет көрсетіледі. Оны электрондық egov.kz порталы арқылы эцп арқылы алуға болады. 

Алматы облысында да карантин талаптары күшейді. Демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Сауда ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалардың, спорт нысандары мен фитнес орталықтарының жұмысына шектеу бар. Қаулыға сәйкес, ашық және жабық жағажайлар мен аквапарктер, аттракциондар да жұмысын тоқтатады.

«Хабар 24»-тің өңірдегі тілшілердің көмегімен Айнұр Қуатқызы