423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңадан сайланған әкімдер бірінші кезекте ауыл бюджетіне көңіл бөлуі тиіс

  • 228
  • UPD: 23:18, 26.07.2021
Жаңадан сайланған әкімдер бірінші кезекте ауыл бюджетіне көңіл бөлуі тиіс

Жарнама орындары мен жылжымалы және жылжымайтын мүлік салығынан өзге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы кіріс көлемін арттыру қажет.

Сонда ғана тұрақты жұмыс орындары ашылып, ішкі көші-қон азаяды. Бұл үшін білікті мамандарды ауылға көшіру де басты міндеттің бірі. Сайланған әкімдер «Дипломмен ауылға» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың игілігін оңтайлы қолданып, шалғайдағы елді мекендерді тапшы мамандармен қамтамассыз етсе игі.

Тәттігүл Талаева, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі:

- Сайлауда жеңіске жеткен әкімге жас әрі шығармашыл мамандардың басын қосу қажет болады. Олар шағын ауылдарда тәжірибе жинап, болашақта білікті маманға айналатыны белгілі. Ауылдың да жағдайын түзетуге жігерлі жандар қажет. Ал кешегі өткен сайлау көпшіліктің ауылға оралуына септігін тигізетініне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы