Түркістан облысында өзін өзі ұсынған 17 үміткер әкім болып сайланды

үркістан облысында өзін өзі ұсынған 17 үміткер ауыл әкімі болып сайланды. Қалғаны әртүрлі саяси партиялардың атынан түскен кандидаттар.

17 әкім өз орынына қайта сайланды. Сайланған әкімдердің ең жасы 29-да болса, орташа жас 46-ны көрсетті. Сайлаушылар 166 кандидаттың ішінен таңдау жасады. Ең көп 9 мыңға жуық дауысты Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі алды.

Әлібек Өміралиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау бюллетеньдерін қайталап санау бір де бір сайлау учаскелерінде өткізілген жоқ. Соттарға, жоғарыдағы комиссияларға сайлау комиссияларының іс-әрекеттері туралы арыз-шағым түскен жоқ. Сайлауларды жарамсыз деп тану және сайлауларды қайта өткізу туралы негіздер болған жоқ.