Ақтөбе облысында сайлауда жеңгеннің басым бөлігі «Nur Otan» атынан ұсынылған үміткерлер

Ақтөбе облысы бойынша 105 кандидат бақ сынаған науқан барысында 34 округ пен бір елді мекен басшысы анықталды.

Сайлауда жеңіске жеткендердің көшін «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған үміткерлер бастап тұр. «Ауыл» партиясынан 2, ал «Ақ жол», «Адал» және Қазақстан Халық партияларынан бір-бір адамнан әкім болды. Өз-өзін ұсынған екі азамат та өзгелерден басым дауыс жинап, жеңіске жеткен.

Есет Шангереев, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Сайланған әкімдердің 28-і мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Біреуі коммерциялық құрылымдардың өкілі.  5-бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, біреуі уақытша жұмыс істемейді. 5 әкім әйелдер. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46 жас.