Елге оралған Елдос Сметовке көлік табысталды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметов елге оралды.

Ол мінген ұшақ бүгін Алматыға таңғы 5-тің шамасында қонды. Күллі Алаштың мерейін асырған жерлесімізді туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері, эстрада жұлдыздары сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алды. Ал спортшыға қолдау білдірген тілеулестірінің енді бір тобы оған ерлігі үшін көлік сыйлады.

Елдос Сметов, Токио олимпиадасының қола жүлдегері:

Олимпиада өте жақсы өтті. Қуаныштымыз. Осындай жетістікке қол жеткіздік, Аллаға шүкір. Өте қуанышты сезімдемін. Сезімді сөзбен айтып, жеткізе алмаймын енді.

Елдос Сметов Токио төрінде өткен додада әлемнің үздік дозюдошыларымен тайталасып, тағы бір мәрте мықтылығын дәлелдеді. Ол жартылай финалға дейін бар күшін-жігерін сарп етті. Дегенмен бұл жолы спортшымыз сыр-алғы  қарсыласы, жапон өкілі Нао-хиса Така-тодан аз ғана ұпайпен ұтылып қалды.