425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ІІМ әуежайлар мен вокзалдарда жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті

  • 142
  • UPD: 09:35, 27.07.2021
ІІМ әуежайлар мен вокзалдарда жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті

​Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ПЦР-анықтамаларын және вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлады Polisia.kz.​

Жыл басынан бері ішкі істер органдарымен жалған ПЦР-тесттерін сату және пайдалану бойынша 45 қылмыстық іс  және вакцинация паспорттарын  сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды.​

Еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін «Ashyq» қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тесттердің және вакцинация паспорттарының шынайылығына тексеру күшейтілді.​

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, Түркия мемлекетінде демалуға ұшып баруды жоспарлап, ПЦР-анықтамаларды және билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады.

Сондай-ақ ол жалған ПЦР-тест анықтамасын пайдалана отырып, Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласының тұрғынының ұсталғандығы туралы фактіні де айтты.

«Олар ұшуға жіберілген жоқ. Осы аталған фактілер бойынша Қазақстан Респуликасы Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлігімен (Көрнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деді О.Бекеев.

ІІМ жалған құжат дайындағандары үшін төрт жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы