Қытай бағытында 5 мыңдай вагон қаңтарылып тұр

Қытай бағытында қаңтарылған вагондарға жүк мамыр, маусым айыларында тиелген.

Бірақ содан бері шекара аса алмай қаңтарылып тұр. Өйткені қарсы тарап карантин талаптарын күшейтіп жүкті өткізу мүмкіндігін барынша қиындатып тастаған. Вагондар негізінен бидай мен кен тиеген. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқра төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша Қытай тарабы енді ғана аз мөлшерде қазақстандық тауарды кіргізуге рұқсат берді. Қазір былтыр қарашада тиелген вагондар өткізіліп бітті. Қытай біздің елден жабық вагонға тиелген азық түлік өнімін кіргізуге шектеуді былтыр қарашаның 15-не енгізді. Айтуларынша жабық вагонмен вирус тасымалдануы мүмкін.

Қанат Әлмағамбетов, «ҚТЖ»ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

Елдің премьер-министрінен бастап вице-премьер, министр, барлық деңгейде бірнеше рет хат жолдап, тиелген жүкті қабылдауын сұрадық. Әзірге жүкті Қазақстан шекарасында Қытайдың вагондарына тиеп алып кетуге рұқсат берді. Егер тауарымызды қабылдамағаны үшін олардың вагондарын өткізбей қойсақ, басқа жол табады. Мәселен Ресей біз арқылы өт деп жеңілдік ұсынып отыр. Қытай тауары Еуропаға Ресей арқылы кетсе біз транзиттен түсетін табыстан айырыламыз.