425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ел нарығына қажетті азық-түліктің 80 проценті өзімізде өндірілуі мүмкін

  • 136
  • UPD: 11:39, 27.07.2021
Ел нарығына қажетті азық-түліктің 80 проценті өзімізде өндірілуі мүмкін inbusiness.kz

Елде Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 5 триллион теңгедей жұмсалады.

Қаржы 2025 ші жылға дейін игерілуі тиіс. Егер жоспар толық жүзеге асса, ел нарығына қажетті азық-түліктің 80 проценті өзімізде өндіріледі. Сондай-ақ өңделген өнімнің экспорты екі есе артады. 350 мың фермерлік және жеке шаруа қожалықтар нарыққа шығып, 70 мың отбасылық шаруашылық құрылады. Осының арқасында 1 миллион ауыл тұрғыны тұрақты табысы болады және ауылдық жерде 500 мың жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Бұл туралы ЭЛ-Эс ақпараттық порталы жариялады. Нәтижеге қол жеткізу үшін агроөнеркәсіп кешенін цифрландыоуға басымдық беріледі. Ол үшін 43 миллиард теңге жұмсалады. Бұған қоса ауылшаруашылығы министрлігі техниканы жаңартып, тұқым мен тыңайтқыштардың сапасын күшейтуге ниетті. Басылымның мәліметіне қарағанда 2021-25 жылдарға арналған ұлттық жоба пысықталып жатыр. биыл екінші тоқсанда бекітіледі деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы