Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды.

1991 жылдың 2 қазанында Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров космосқа ұшты. Бұл Қазақстанның ғарышқа тұңғыш сапары. Дәл осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрып, республиканың Ұлттық аэроғарыш Агентігінің құрылғанын жариялаған еді. Бүгін ұлт батыры мерейлі жетпіс бес жасқа толып отыр.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 

1962-1965 жылдары Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).

1969 жылдары Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1979 жылы Авиация институтын бітірген.

1969-1975 жылдары Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.

1975-1976 жылдары Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).

1976-1992 жылдары Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.

1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 жылы бірінші болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. 

1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.

1992-1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары

1993-1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары

1994-95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

1991 жылы Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.

1991 жылы 10 қазанда Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі – 7 күн 22 сағат 13 минут.

Тұңғыш ғарышкерге Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағы, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы, «Отан» ордені берілді. Сондай-ақ Кеңес Одағының, Австрияның бірнеше медалдарымен марапатталған.

Ақпарат көзі Уикипедия