Петропавлда пара алған мемлекеттік қызметкер жазаланды

Пара алып ұсталған қызметкер 150 мың алып, 9 млн теңге айыппұл төлейтін болды.

Петропавлда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және вете-ринария бөлімі басшысының міндетін атқарып жүріп, пара алған шенеунік осылай жазаланды. Мадияр Жанғұдин мемлекеттік сатып алу бойынша мал қорымдарын күзету қызметін көрсеткен кәсіпкерден орындалмаған жұмыстарға қол қою үшін «ауызбастырық» сұраған. Уақытша басшы болған мемлекеттік қызметкер сәуір айында қолма – қол ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның басшыларын да жауапқа тарту туралы ұсыныс жасады.

Нұрлан Жахин, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жетекшісінің уақытша міндетін атқарушы:

– Ол 50 мың теңге автокөліктің ішінде алып жатқан жерінде ұсталды. Келесі қалған сомасын 100 мың теңге көлеміндегі соманы осы карта есеп шотына аударылған болатын. Сондықтан да бұның кінәсі толық дәлелденіп, соттың үкімі жуық арада шықты.