423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жалған ПТР анықтамасымен Түркияға бармақ болғандар ұсталды

  • 158
  • UPD: 14:32, 27.07.2021
Жалған ПТР анықтамасымен Түркияға бармақ болғандар ұсталды

 

Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда ПТР анықтамаларды сатып алған екі жолаушы ұсталды.

Олар Түркия мемлекетіне бара жатқан.

Сондай-ақ жалған құжатпен Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.

Қазір осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, енді әуежайлар мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеру күшейтіледі.

Еске салайық, жалған құжатты сатып алғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Хабар 24 телеарнасы