Еліміздің ең үздік командалары солтүстікке жиналды

Баянауыл баурайында футболдан балалар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир өтіп жатыр.

Оған Қазақстанның түкпір-түкпіріннен 6 команда жиналды. Спорт ардагері Қапар Смағұлов атындағы жарыс 2 күнге созылады. Іріктеу ойындарының нәтижесінде соңғы сынға Павлодар, Екібастұз, Нұр-Сұлтан қалалары мен  жергілікті командалар шықты.

Айта кетейік, жарыс 10 жасқа дейінгілер арасында өтуде және дәл осы жас деңгейіндегі балалар турнирі соңғы кезде  жиі ұйымдастырыла бастады. Осы арқылы басы-қасындағылар бұқаралық спорттың деңгейін көтеріп, болашақ чемпиондар даярлығын бір жолға қоймақ.