Атырау облысында жаңа қаулы күшіне енді

Атырау облысында соңғы тәулікте 480 адам ковид жұқтырған.

Енді «Ашық» жобасы арқылы сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, спорт кешендері, сағат 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі-жексенбі күндері қызметіне шектеу қойылады. Ал «Ашық» жобасына қатыспайтын нысандардың жұмыс уақыты шектеледі.

Алия Бекешева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Былтырғы жылғы шілде айында 5000-нан астам адам ауыратын болса, қазір коронавирус инфекцияның көрсеткіші 7000 болып, антирекорд көрсетіп отыр. Күнделікті 480-500-дің айналасында аурушаңдық тіркеліп отыр. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізіліп жатыр. Бүгіннен бастап күшіне енді. Карантин шаралары күшейтіледі.