Вакцинация туралы қандай қауесеттер тарады

Елордада халықтың басым көпшілігі жаппай вакцинациялауды қолдайды.

Сонымен қатар екпенің зиянды жанама әсерлері туралы айтып, азаматтарға жалған ақпарат беретіндер де бар. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысы Ауғанбек Манарбек антиваксерлердің кеңінен тараған мәлімдемелеріне түсініктеме берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

– Екпе жүкті немесе жүктілікті жоспарлағандар үшін қауіпті және бедеулікке әкелуі мүмкін.

– Жүктілік – COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдердің бірі. Сонымен қатар жүктілікті жоспарлау кезінде вакцина алу керек, бұл аурудың ауыр түрлеріне және өлімге жол бермейді. Екпе бедеулікке әкелуі мүмкін емес. Бұл – қате түсінік.

– Еуропалық «Pfizer» вакцинасы басқаларға қарағанда сенімді және тез әсер береді.

– «Pfizer» вакцинасын америкалық және қытайлық мамандармен бірлесе отырып, неміс биотехнологиялық компаниясы әзірледі. Әлемде бұл екпе 2020 жылдың тамызынан бастап қолданылады. Екінші дозадан кейін жеті күн ішінде инфекцияны болдырмауда 90%-дан астам тиімділік көрсетті. Қазір бұл екпенің балаларға, жүкті әйелдерге немесе иммунитеті төмен адамдарға қатысты тиімділігі туралы алғашқы ғылыми деректер бар. Бірақ бұл екпенің басқаларға қарағанда сенімді екендігін білдірмейді. Салыстырмалы түрде «Спутник V»-ды қарауға болады. Осы вакцинаның III фазасын зерттеудің аралық нәтижелері жарияланды, оған сәйкес «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 91,6%, ал вирустың орташа немесе ауыр кезеңінде екпенің тиімділігі 100% құрады. Сондай-ақ «KazVac» вакцинасы да жоғары тиімділікті көрсетті. Қазір біз клиникалық сынақтан өткен барлық екпелердің тиімді екенін айта аламыз.

– Вакцинация – қарудың жаңа түрі. Оның көмегімен сіз адам ағзасына молекулалық деңгейде спутник арқылы әсер ете аласыз, әртүрлі тәжірибелер жасай аласыз.

– Бұл – екпенің бастапқы кезеңінде тараған тағы бір жалған хабарлама. Қазір халықтың басым көпшілігі мұның шындыққа жанаспайтынын біледі.
Иммунитеттің табиғи қалыптасуы оны вакцинация арқылы сатып алудан гөрі қауіпсіз.

– Ауырып жазылған адамның ағзасында COVID-19 антиденелері әртүрлі мерзімде қалыптасады. Зерттеулер көрсеткендей, иммунитет қысқа өмір сүре алады. Екпе егу арқылы иммунитетті қалыптастыру оның табиғи қалыптасуына қарағанда аз қауіп төндіреді, өйткені COVID-19 жұқтырған жағдайда оның зардабы қаншалықты болатынын болжау мүмкін емес.

– Вакцинация ресми медицина мойындағаннан әлдеқайда қауіпті. Екпеден кейін өлім саны жасырын қалады.

– Бұл да – жалған хабарлама. Шындығында жағдай керісінше. Халықты вакцинациялау адам өліміне жол бермеу үшін жүргізіледі. Кез келген екпе ол ауруға қарағанда жүз есе қауіпсіз. Бірақ екпе туралы әрдайым көптеген пікірталастар болды. Кез келген елде және кез келген уақытта: вакциналар зиянды, сондықтан оларды салдырмаған дұрыс. Алайда, медицина және адамзат тарихы керісінше ойлауға себеп болды.

– Екпе егу ағзаның реакциясымен бірге жүреді, оны аурудың белгілерімен немесе оның асқынуларымен салыстыруға болады.

– Адам ағзасының вакцинацияға реакциясы аурудың белгілерінен түбегейлі ерекшеленеді. Олар салыстыруға келмейді. Пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұрған мамандар – дәрігерлер, вирусологтар, эпидемиологтар азаматтарды өздерін және жақындарын қорғау үшін вакцинациядан өтуге шақырады. Тек екпе егу ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және қауіпті вирустың таралуын тоқтатуға көмектеседі. COVID-19 вакциналарының тиімділігіне нұқсан келтіретін әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сенбеу керек, өйткені оның ғылыми негіздемесі мен логикалық түсіндірмесі жоқ.