Нұр-Сұлтанда күніне 120 бала ковид жұқтырады

Коронавирус балаларға да ауыр тиеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Роза Өтегенованың айтуынша, үйдегі ересек адамдар ковидтің жеңіл түріне шалдықса да, балалардың барлығына да вирус жұғады.

«Қазір КВИ-ге шалдыққан балалар инфекциялық орталығында 112 бала жатыр. Олардың ауру деңгейі әртүрлі», - делінген хабарламада. Статистика бойынша күніне 100-120 бала коронавирус жұқтырады. «Балалардың да бұл кеселден өкпесі қабынады», - дейді дәрігер. Бірақ жүрек, бауыр және асқазан-ішек жолдары да қабынуы мүмкін. Ауыр жағдайда сепсис және шок дамиды.