425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ветеринарлар: СҚО-да тағы да жаппай құстар қырылуы мүмкін

  • 127
  • UPD: 22:00, 27.07.2021
Ветеринарлар: СҚО-да тағы да жаппай құстар қырылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында тағы да жаппай құстар қырылуы мүмкін.

Ветеринарлар осылай деп отыр. Өйткені өңірден 30 шақырымдай жерде, яғни Ресейдің Түмен, Омбы облыстарында құс тұмауының ошақтары анықталды. Бүгінгі күнге дейін шамамен 550 000-ға жуық құсқа екпе салынды.

Айта кетейік, биыл маусым айында Айыртау ауданында 100-ден астам дала үйрегінен құс тұмауы анықталып, олар жойылған болатын. Ал былтыр елдің солтүстігінде 1,5 миллион құс қырылды.

Марат Ыбраев, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы:

- Түмен облысындағы мына бекетіміз жабық. Өйткені онда көліктердің жүруіне тыйым салынған. Және қалған бекеттерімізде ветеринар инспекторларымыз күні-түні жұмыс істейді. Облысқа берілетін вакцина ол тегін беріледі. Және мынау құс ұстайтын фабрикаларға бұлар өз ақшасына алып егу керек.

Хабар 24 телеарнасы