425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президент Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті

  • 162
  • UPD: 21:06, 27.07.2021
Президент Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті фото: akorda.kz

Көкшетауға жұмыс сапары аясында Президент Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев: «ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ басшыларының тікелей сайлануы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді» деді. Әрі мұны тарихи оқиғаға балады. Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды. Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

Хабар 24 телеарнасы