425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жетісулық волонтерлер Маңғыстау облысына 20 тоннаға жуық шөп жөнелтті

  • 153
  • UPD: 21:51, 27.07.2021
Жетісулық волонтерлер Маңғыстау облысына 20 тоннаға жуық шөп жөнелтті

Бұған дейін Түркістан облысының жастары бастама көтеріп, қуаңшылық зардабын тартып отырған батыс өңіріне мал азығын жинап жіберген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік жұртшылығы Маңғыстау облысына 80 вагондай шөп жөнелткен. Бұл қайырымдылық шарасы бүгінде республика көлемінде жалғасын тапты. Көмек қолын созғандардың арасында аймақтағы «Шопан ата» шаруа қожалығы да бар. Жақын күндері Алматы облысынан тағы мал азығы тиелген 5 вагон жолға шығады.

Мұратбек Сұлтанбай, волонтер:

- Нұрболат деген шаруа қожалығы ағамыз осы Маңғыстау облысына шөп жіберетінімізді естіп, өзі бізге хабарласты, бір вагон шөпті тегін беріп, қазір батысқа жөнелтейік деп жатырмыз. Бұл бірінші вагон ғана. Әлі де жоспарымыз бойынша 5 вагонымыз дайын тұр 100 шақты вагон жіберу жоспарымыз бар.

Нұрболат Халықұлы, шаруа қожалығының иесі:

- Біз енді батыста осы интернеттен үлкен апат болып жатқанын естіп, 4 түлік малдың қырылып жатқан жағдайын естіп біліп, Құрмет бауырымыздың көмек көрсетіп жатқанын естіп, өзіміз қолымызда малға жинап отырған шөбімізді батысқа атауды жөн көріп, міне, бүгін Алматы облысы Жетігеннен бір фура шөпті басып беріп отырмыз. Өз қолымыздан келген көмегімізді көрсетіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы